2 Сафар
18:42 Екінті
«Отбасы — бақыт мекені»  атты семинар өтті 4538

«Отбасы — бақыт мекені» атты семинар өтті

21 мамыр 2025 428 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында халықаралық отбасы күніне орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында «Отбасы — бақыт мекені» атты семинар өтті.

Ғибратқа толы шараға жас отбасылар, «Әжелер» мектебінің мүшелері, студенттер мен мектеп оқушылары, мешіт шәкірттері, өнер адамдары қатысты.

«Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегүл Кушкарова семинардың мақсатын түсіндіріп, дініміз Исламда отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілгендігі туралы айтты.

«Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері бекітілген. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 187-аятында: «Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)», – деп айтқан. Бұл аятта Алла Тағала ерлі-зайыпты адамдарды киімге теңеуі тегін емес. Себебі киім адамды ыстық пен суықтан қорғайды, денесіндегі кемшілігін жабады, бойына көрік береді. Сол сияқты ерлі-зайыпты адамдар да, бір-біріне қамқор, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып, біріне бірі көрік бола білуі тиіс», деді сектор жетекшісі Кенжегүл Кушкарова .

Сонымен қатар РАТТ мүшесі, діни сарапшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, журналист, ислами психолог Ақтолқын Орысбайқызы қоғамдағы отбасы шаттығының құлдырауының негізгі себептерін айтып, қазіргі таңдағы еліміздегі жағдайдың статистикасын талдап беріп, әр отбасының іргесі мықты болып, түтіні түзу шығуы үшін отбасылық әдептерге мән бергені дұрыс деп шаңырақтағы сыйластық пен сүйіспеншілік орнайтығын тілге тиек етті.

Одан өзге ұстаз Ақтолқын Орысбайқызы жас қыздарға тектілік ұғымы мен шариғат аясында насихат айтып, жар таңдауға 5 кеңесті ұсынды.

Шара қортындысында «Әжелер» мектебінің мүшелері өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр»мешітінің баспасөз қызметі