Шалқар: Ауданның Бас имамы Байқадам ауылдық округіне барды 4849

Шалқар: Ауданның Бас имамы Байқадам ауылдық округіне барды

19 қыркүйек 2025 89 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков Байқадам ауылдық округіне арнайы іс сапармен барды.

Сапар барысында ауданның бас имамы жергілікті мешіттің ахуалымен танысып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат пен қайырымдылық шараларын күшейту жөнінде ауыл имамы Бақтияр Қуанышовқа бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ мешіт кітапханасындағы әдебиеттерді қарап, олардың ҚМДБ-ның оң қорытындысына сәйкестігін тексерді.

Іс сапар қорытындысында Абзал Медетбеков мешіт жамағаты мен ауыл ақсақалдарына «Зікір мен салауаттың артықшылықтары» тақырыбында тағылымды уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді. Жамағат бас имамның насихатынан рухани серпін алып, ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі