Ауданның Бас имамы кеншілермен кездесті
ҚМДБ-ның 4 бағытының бірі — жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша Хромтау ауданының Бас имамы Марал Иманғали Дөң тау-кен байыту комбинатының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері де қатысты. Жиында «Діни сауаттылық және радикалды топтардан сақтану шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында кеншілерге аудандағы діни ахуал, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әр азаматтың рөлі жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, жат діни ағымдардың қауіптілігі, олардың белгілерін ажырату жолдары мен сақтану тетіктері кеңінен талқыланды.
Мұндау кездесулердің басты мақсат – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру және әрбір азаматты радикалды идеологияның зиянды ықпалынан қорғау дейді шара ұйымдастырушылары.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































