Құрбан айт – 2024: Ақтөбе имамдары Құрбан айт дайындығын пысықтады 3394

Құрбан айт – 2024: Ақтөбе имамдары Құрбан айт дайындығын пысықтады

05 маусым 2024 522 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Құрбан айтқа орай қала, аудан мешіттерінің бас имамдарына жиналыс өтті.  Бас имам Серікжан Еншібайұлы Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде өткізу үшін дін қызметкерлеріне арнайы тапсырмалар бекітті. Биылғы Құрбан айт мейрамының өту форматын кеңінен түсіндірді. 

Құрбан малын сою үшін бекітілген арнайы мал соятын орындарды дайындап, ол жердің тазалығына мән беру, мал сою талаптарын сақтау, мал базарында құрбан шалдырушы кісілерге күту аймағын әзірлеу, ұйымдастыру тобы мен еріктілерге арнайы киім үлгісін дайындау, қасапшыларға арнайы семинарлар өткізу, қасапхана жанында жиналған еттер бұзылып кетпес үшін тоңазытқышы бар жүк көлігін дайындау, қасапхана іргесіне, көліктерге «Qurban 2023» баннері және қасапхананың ішіне құрбан шалу тәртібі жадымасын ілу, құрбандыққа шалынатын малдардың шариғат талап еткен жасына толуын қадағалау, мал сою орындарында ысырапшылдыққа барынша жол бермеу, молдалардың бір үлгіде бата жасауы, жедел жәрдем, қауіпсіздік қызметкерлерін бекіту, сойылған құрбандық еттерін пакеттеп, мұқтаждарға тарату үшін еріктілер тобын құру, мұқтаждар тізімін реттеу, ет таратуды жүйелу сынды бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, қала, аудан көшелері мен мешіт аулаларына құрбан айтпен құттықтау баннерлерін іліп, жамағат пен халыққа құрбан айтпен құттықтау хаттарын таратуды тапсырды. Одан өзге Құрбан айт мерекесіне орай облыстық, қалалық және аудандық мешіттер жанына киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрімізге сай түрлі шаралар, жамағаттың бірлігін арттыру ұлттық ойындар ұйымдастыру, қарттар үйі мен жетімдер үйіне еттер үлестіріліп, айт дастарханы жайылып, айт мерекесімен құттықтау, әйел-қыздардың ұйымдастыруымен жәрмеңкелер өткізу, Құрбан айт мейрамын сезіндіріп және көңілді өткізу үшін түрлі ойындар, айттық базарлық дайындау туралы да айтылды. Ақпараттық неігізде картинка, инфографикалар, видео мен бейненұсқаулар, аудио т.б дайындау. Еске сала кетейік, ҚМДБ биыл да ел мұсылмандарының жеңілдігі үшін онлайн форматта етке тапсырыс беріп, өтініш білдіру үшін арнайы qurban2024 сайтын іске қосқан болатын. Бұл сайт арқылы шамасы келген азаматтар құрбандық шалу өкілдігін мешіттегі дін қызметкерлеріне табыстап қой және ірі қара секілді малдарға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар аталған сайт арқылы мұқтаж жандар ет алуға өтініштерін қалдыра алады.

Айта кетсек, кеше Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қаласында құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалады. 

Ақтөбе облыстық орталық  

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі