«Нұр Ғасыр» мешітінің имамы мектеп ауласына тал екті 231

«Нұр Ғасыр» мешітінің имамы мектеп ауласына тал екті

21 қазан 2020 164 Оқу 1 минут

18 қазан елімізде «Рухани келісім» күні болып жариялануына байланысты көптеген ізгі шаралар өткізіліп келеді. Негізгі мақсат ел ішіндегі әртүрлі дін өкілдері мен діни конфессиялардың басын біріктіріп, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, елімізді өркендету жолында жасалып жатқан әрбір игі істі иық тіресе атқара білу.

Осыған орай, Ақтөбе қаласы, Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығы» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен облысымыздағы діни бірлестіктермен бірге қала ішінде тал көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Батыс-2 ауданы, №63 орта мектеп ауласында өткізілген шарада Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Махамбет Бисенов түрлі ағаш көшеттерін егілуіне өз үлесін қосты.

Ондаған жылдардан кейін ғана жеміс беріп, саясы көпке көлеңке болып қызмет ететін бұл тіршілік иелерін атадан қалған аманат деп білген жөн.

Діни бірлестіктердің қатысуымен жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш шара аймақтағы дінаралық келісімнің тағы бір көрінісі екенін көрсетті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі