Бас мүфти: Қазақ радиосы – ізгіліктің үнжариясы 904

Бас мүфти: Қазақ радиосы – ізгіліктің үнжариясы

01 қазан 2021 81 Оқу 1 минут

 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының Төрағасы, Бас мүфти


Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Сіздерді 1 қазан – Радио қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке нәсіп етсін.

100 жылдық тарихы бар Қазақ радиосы бүгінде ізгіліктің үнжариясына айналды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қазақ» және «Шалқар» радиоларымен бірлесіп, халықты ізгілік пен игілікке үндеп келеді. Осы ретте біздің игі бастамаларымызға әрқашан қолдау көрсетіп келе жатқан радио ұжымына айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жұртымызды қуантар жағымды жаңалық көп болғай! Әмин