СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ 1885

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

09 шілде 2022 143 Оқу 0 минут

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының атынан сізді және Діни басқарма ұжымын күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көпконфессиялы Қазақстан қоғамының бірлікте өмір сүруіне, мұсылман қауымының ынтымақта болуына қосқан елеулі үлесін бағалай отырып, елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтау жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін» делінген құттықтау хатында.