Ақтөбе: Қос кітаптың танытымы өтті 1414

Ақтөбе: Қос кітаптың танытымы өтті

17 наурыз 2022 173 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» және «Толық адам» кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, ақын-журналист Мейірхан Ақдәулет, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор Бекежен қажы Ахан, тарихшы Айшуақ Дәрменұлы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, экология саласы бойынша техника ғылымдарының кандидаты Ақылбек Дадин, «ҚР-ның Бейбітшілік және келісім кеңесі» ҚБ облыстық филиалының төрағасы, еңбек ардагері Келдібай Еспағанбетұлы, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин, Еңбек ардагері, «Парыз» қоғамдық қорының жетекшісі Есімхан Есенбаев, «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиев, Ақын, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Қалдина, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Шалғынбай Жандосов, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Ақындар Бижан Қалмағанбетов пен Гүлжахан Төреханқызы т.б қатысты.

Игі іс-шара облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденовтың Құран оқуымен басталды. Бас мүфти оқылған Құранның сауабын марқұмдарға бағыштап, жиынға қатысушыларға ізгі тілегі мен алғысын білдірді.

Сонымен қатар басқосуда ҚМДБ Төрағасы Діни басқарманың жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары, оқу-ағарту саласында жүзеге асып жатқан игі бастамалар туралы баяндады.

Жиын барысында құрметті қонақтар да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, кітаптар туралы ұсыныс-пікірлерін білдіріп, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді. Шараны ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекежан Ахан жүргізді.

Іс-шара қортындысында қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, зиялы қауым өкілдеріне сыйға берілді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі