Темір: 12 шәкіртке шәкіртақы тағайындалды 4130

Темір: 12 шәкіртке шәкіртақы тағайындалды

05 ақпан 2025 63 Оқу 1 минут

Темір аудандық  «Досжан ишан» мешітінің Бас имамы Ералин Зарлықтың бастамасымен, жергілікті кәсіпкер, дін жанашыры Қалданов Базаралының қолдауымен 12 шәкіртке ай сайынғы шәкіртақы тағайындалды.

Аталған шәкіртақы ай сайынғы бірлігі жарасқан ауызашар басқосуында «Ақтөбе» медресе-колледжінде табысталды.

Ізгілік пен бірлікке бастар Шағбан шарапатына арналған ауызашарда шәкірттерге білім алудың маңыздылығы, білім жолындағы қиыншылықтар туралы айта келе елге, дінге қызмет қылудың артықшылығы насихатталды.

Айта кетсек, айлық ауызашарды осы аптада Темір ауданы ұйымдастырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі