«Samal Cakes» кондитерлік цехы және «Изюм» кафесі халал куәлігін жаңартты
Ақтөбе қаласында орналасқан «Samal Cakes» кондитерлік цехы ҚМДБ Халал стандарт талаптарына сәйкестігін растап, куәлігін жаңартты. Кәсіпорында өндіріс үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен технологиялық талаптар жан-жақты тексеріліп, шариғат талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.
Сонымен қатар, «Изюм» дәмханасы да кезекті тексерістен өтіп, Халал куәлігін қайта жаңартты. Тексеру барысында ас дайындау үдерісі, өнімдердің құрамы және санитарлық талаптардың сақталуы назарға алынды.
Тексеріс жұмыстарын жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.
Аталған кәсіпорындар Халал талаптарын тұрақты түрде сақтап, тұтынушыларға сапалы әрі сенімді өнім ұсынуды жалғастыруда.



































