Мұғалжар: Қандыағаш қалалық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды 6440

Мұғалжар: Қандыағаш қалалық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

06 маусым 2026 121 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданының бас имамы Мухамедисмаил Шадман жұмаға жиналған жамағаттың алдында Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінің жаңа бас имамы Асемхан Ергазинды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Асемхан Ергазинды Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Асемхан Ергазин 1987 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келген. Отбасылы.  

 Білімі

2014-2019 жж. Ресей Ислам Институты Казан қаласы;

2020 жылы Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институты.

Еңбек жолы

2016-2019 жж. Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандық "Нұртай" мешітінің наиб имамы;

2019-2024 жж. Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандық "Нұртай" мешітінің бас имамы;

2024-2026 ж.ж. Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандық "Нұртай" мешітінің найб имамы.

Жетістіктері

2023 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының жыл адамы.