Ойыл: Желаяқтар топ жарды 1115

Ойыл: Желаяқтар топ жарды

20 қараша 2021 233 Оқу 1 минут

Ойыл ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат!» тақырыбында жүгіруден марафоны өтті. 

Спорттық шараға аудандық пробация қызметі есебіндегі азаматтар, аудан жастары мен студенттер және мешіт жамағаты қатысты. 3 км шақырымға жүгіріп өткен қатысушылардың қортынды есебі бойынша Наурызбек Аленов І орынды, Бексұлтан Сәлменұлы ІІ орынды, Самғат Аманжол ІІІ орынды иеленді.

Одан өзге желаяқтар байқауына қатынасушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі