Имамдар Рухани келісім күні шарасына қатысты 3835

Имамдар Рухани келісім күні шарасына қатысты

18 қазан 2024 435 Оқу 1 минут

Бүгін 18 қазан – Рухани келісім күніне орай Ақтөбе қаласында облыстық дін істері басқармасының мұрындық болуымен, «Жарық» ақпараттық консультативтік орталығының ұйымдастыруымен жергілікті діни бірлестіктер арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында мерекелік іс-шара аталып өтті.

Оған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары, басқа дін өкілдері қатысты.

Шара барысында облыстың Бас имамы Рухани келісім күнімен құттықтап, атаулы күн – бірліктің, түрлі ұлт, әлеуметтік топтар мен дін өкілдері арасындағы өзара түсіністікті орнатудың символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, әртүрлі дін өкілдерінің бас қосуы, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар екендігін көрсететінін тілге тиек етті. Қазақ елі аспанында тұрып жатқан әрбір азамат қазақ ұлтының дәстүрі мен құндылықтарын құрметтеуі керек екенін де ескеріп өтті.

«Қазақстан халқы үшін дәстүрлі исламның рухани әлеуеті мен құндылықтары ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім мәдениетіне ықпалы зор екені белгілі. Себебі, ислам діні мұсылман дінін ұстанатын халықтардың рухан-имани өрлеуі мен қайта жаңғыруында басым және жетекші рөл атқарады. Ислам қандай да бір ұлтқа оның ұлты үшін қарсы шықпайды және басқаларды да оған үндемейді. Себебі, ислам ұлтқа және ұлттық мәселеге қатысты анық әрі берік ұстанымға сүйенеді.

Шара барысында әртүрлі өнерлер көрсетіліп, домбырамен жыр тартылды. Одан өзге конфессия өкілдері тарапынан діни көрме көрсетілді. Соңында діни бірлестік өкілдеріне мерекеге орай дайындалған төсбелгі табысталып, сыйлықтар таратылды.

Ары қарай дін және ұлт аралық татулық туралы әңгіме дастархан басында жалғасын тапты.