Ақсақалдар форумы өткізілді
Қарттар мерекесі қарсаңында «Ақсақалдар форумы» өтті. ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында ақсақалдар жиынының атқаратын рөлі зор. Бас имам ақсақалдарға аталар мектебінің құру мен оның мақсатын айтып өтті. «Қоғамды ізгілендіруде аталарымыздың жастарға беретін ұлағатты тәрбиесі өте маңызды. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын насихаттауда, салт-дәстүріміз бен ғұрыптарымызды жас ұрпаққа жеткізуде қазыналы қарттарымыздың орны бөлек. Осы орайда сіздерден сауапты амалда қолдау көрсетуді сұраймын»,- деді. Шара ақсақалдарға арнайы жайылған дастарханмен жалғасын тапты.