Қала имамдарына Рамазан айының іс-шараларын жоспарлауға арналған жиын өтті
Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің қатысуымен қала имамдарының жиналысы өтті. Жиынға қалаға қарасты мешіттердің бас имамдары мен ұстаздары қатысты.
Жиында қасиетті Рамазан айына байланысты атқарылатын іс-шаралар пысықталып, тарауих намазын ұйымдастыру, ауызашар дастархандарын өткізу, қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жамағатпен жүргізілетін уағыз-насихат жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жиын соңында алдағы жұмыстардың жоспары нақтыланып, жауапты имамдарға тиісті міндеттер жүктелді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































