Республика күніне орай шағын футболдан турнир өтті
Мәртөк аудандық мешітінің мұрындық болуымен Республика күнін орай ерлер арасында және мекеме қызметкерлері арасын шағын футболдан турнир өтті.
Мешіт жамағатының ынтымақ пен бірлігін арттыру және бұқаралық спортты насихаттау мақсатында өткен турнирге 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Теңбіл доп додасының нәтижесінде III орынды «Саржансай», ІІ орынды «Шекара қызметі,» І орынды «ҰҚК» тобы ие болды. Жарыс жеңімпаздары «Болашақ жолы» ҚБ тарапынан қаржылай сыйлықпен және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ турнир барысында үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы жүлделер берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































