Республика күніне орай білім сайысы ұйымдастырылды 6753

Республика күніне орай білім сайысы ұйымдастырылды

25 қазан 2026 111 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында 25 қазан — Республика күніне орай «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды. 

Сайысқа қатысушылар алдын ала Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, Алаш қайраткерлері және Қазақстан географиясы бойынша дайындалып, жарыс барысында өз білімдерін сынады.

Ең алдымен жамағатқа Республика күнінің маңыздылығы түсіндіріліп, қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы таратылды.

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин сайыс шарттарын таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім сайысының әділқазылар алқасының құрамында Шалқар қалалық «Тәубе» мешітінің имамы Ерлан Наурызбаев пен Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Даулет Садуов болды.

Kahoot платформасы арқылы өткен сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің білім деңгейін көрсетіп, өзара бақ сынасты.

Әділқазылар шешімі бойынша 1 орынды Нұржігіт Сәдуақасов, 2 орынды Қуаныш Жарылқасын, 3 орынды Данияр Таңатарұлы жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі