Имамдар мен жамағат Ойыл мен Қобдаға көмектер жеткізді 3324

Имамдар мен жамағат Ойыл мен Қобдаға көмектер жеткізді

02 сәуір 2024 983 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі мешіттерінің имамдары мен Ақтөбе жамағаты су тасқынан зардап шеккен Ойыл және Қобда аудандарының ауылдарына гуманитарлық көмектерді жеткізіп жатыр. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастап барған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімі, ҚМДБ «Уақып қоры» бөлімінің жауапты өкілдері, «Садақа Береке» қайырымдылық қоры, облыстағы мешіт имамдары мен Ақтөбе жамағаты далада қалған халықты тікұшақпен көшіруге жәрдемдесті. Су зардабын көрген халыққа азық-түлік, ас-су, киім-кешек, жатын орнына қажетті көрпе-төсек, балалар мен әйелдерге қажетті жабдықтар, тазалық құралдары, жылыту құралдары және т.б. көптеген көмектер жеткізді. Гуманитарлық көмектің екінші күнінде имамдар 1 миллион 382 391 теңге қаражат жинап, азық-түлік апарды. Одан өзге де басқа заттар апарылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі