«Бақытжан» мешіті “Үміт” балалар үйіне азық-түлік және қаржы берді 6062

«Бақытжан» мешіті “Үміт” балалар үйіне азық-түлік және қаржы берді

12 наурыз 2026 34 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен “Үміт” балалар үйіне қажет азық-түлік жеткізіліп, 200 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.  

Игі шараның басты мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, оларға қоғам тарапынан қамқорлық пен жылулық бар екенін сезіндіру. Мешіт жамағаты мен демеуші азаматтардың бірлесуімен жиналған азық-түлік қоры балалар үйінің күнделікті қажеттіліктерін өтеуге бағытталды.  

Қайырымдылық іс-шарасы барысында балалар үйінің ұжымына қаржылай көмек табысталды. “Бақытжан” мешітінің бас имамы Еламан Кәрім мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.  

“Үміт” балалар үйінің басшылығы өз кезегінде көрсетілген көмек үшін мешіт ұжымына және қайырымдылыққа атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдірді. Олар мұндай қамқорлықтың балаларға үлкен рухани демеу болатынын атап өтті.  


Ақтөбе облыстық орталық  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі