15 Зул-Қағда
Шалқар ауданында шапан тігуден мастер-класс өтті 4342

Шалқар ауданында шапан тігуден мастер-класс өтті

18 наурыз 2025 368 Оқу 1 минут

Шарада тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы әйел жамағатына шапан тігуден тегін мастер-класс өткізіп, шапанды пішу,тігу әдістерімен бөлісті.

«Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» демекші, тігін тігіп үйренуге ықыласты, қыз-келіншектер үшін алдағы уақытта да курстан бөлек тегін мастер-класстар жалғасын табатын болады» - деді тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы.

Шараның қорытындысы бойынша мастер-классқа 15 адам қатысып, шапанның өлшемін алу, матасын таңдау жұмыстары бойынша тәжірибе жинады.

Айта кетейік, алдағы уақытта шапан тігуден қыз – келіншектермен мастер – класс жалғасын табатын болады.