Ақтөбе: Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды 2194

Ақтөбе: Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды

19 қазан 2022 97 Оқу 1 минут

Еліміздегі айбынды мерекелердің бірі 25 қазан – Республика күніне орай  Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Сансызбай Жәдігерұлы және Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Бас имам Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен іс-шара өтті.

Аталған сайыс «Ислам діні – ынтымақ пен бірлік діні» аясында жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында  екі салмақ бойынша гір тасын көтеру, қол көтеру сынды сайыс   ұйымдастырылды.  

Білектің күшімен сынға түскен қатысушылар өз мүмкіндіктерін мүлт жіберместен, белсенділік көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша озық шыққан  І орынды иеленген қатысушыға смартфон сыйланса, ІІ және ІІІ орын жүлдегерлеріне шаңсорғыш және планшет  табыс етілді.

Елдің амандығы мен баянды берекесін  тілеген жамағат ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі