«QazVac» вакцинасы ҚМДБ-ның халал сертификатын алды 917

«QazVac» вакцинасы ҚМДБ-ның халал сертификатын алды

04 қазан 2021 127 Оқу 1 минут

«QazVac» қазақстандық вакцинасы халалдың жалпы талаптарына сәйкестік сертификатын алды, - деп хабарлады биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының сайты.

ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров қазақстандық «QazVac» коронавирусқа қарсы вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.

Вакцина дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын халал талаптары бойынша сертификатталған.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі