РАНТ мүшесі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына қатысты 6418

РАНТ мүшесі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына қатысты

01 маусым 2026 48 Оқу 1 минут

Түйетөбеде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтіп, оған РАНТ мүшесі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев пен облыстық мешіттің ұстазы Талғат Аманов қатысты. 

Іс-шара 1 минут үнсіздік жариялау арқылы басталып, одан кейін Ақтөбе облыстық мәслихат төрайымы Гүлқасима Рамазанқызы сөз сөйледі. Сонымен қатар ескерткішге гүл шоқтары қойылды.

Ал РАНТ мүшесі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев қуғын-сүргіннің зардаптары туралы, Қазақ халқының бастан кешкен қасіреті болашақта қайталанбауын, еліміздің тәуелсіздігінің тұғыры мәңгілікке дейін бола берсін деп, кейіннен құрбан болған шейіттерге Құран бағыштап, дұға қылды.

Айта кетсек, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай имамдар қасиетті Құран аяттары оқып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына дұға бағыштады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі