Еріктілік – қайырымдылықтың бір қанаты 2536

Еріктілік – қайырымдылықтың бір қанаты

06 наурыз 2023 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық еріктілер кеңесінің мүшелері, «Жұбанов жылуы» еріктілері облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне келіп, сенбілік жасады.

Еріктілер мешіттің үлкен залында терезе жуып, шаңзорғышпен намаз оқитын салды тазалап, т.б тазалық шараларын жасады.

Сонымен қатар мешіттің наиб имамы, облыстағы «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Мұхаммедисмаил Шадман жастармен конференция залында жүздесіп, сауапты іске мұрындық болып жүрген еріктілерге мешіт ұжымы атынан алғысын білдірді.

Одан өзге ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Ислам және ізгі қоғам» негізі аясында уағыз-насихат жүргізіп, біздің халық алдындағы басты міндетіміз – жұртымызды жақсылыққа үндеп, жамандықтан тосу, ізгі қоғам құруға қадам жасау екенін айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі