РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданына іс-сапарға барды 2763

РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданына іс-сапарға барды

12 маусым 2023 212 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Мұғалжар ауданында уағыз-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапарға барды. Сапар барысында мешіттер мен мекемелерде діни тұрақтылықты сақтау бойынша кездесулер өткізді.

9 маусым, жұма күні Ембі қаласында мүфтият бекіткен «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Ақшам намазынан кейін Қандыағаш қаласы, «Қадірәлі ата» мешітінде дастархан басында сұхбат жүргізіп, құптан намазының алдында жамағатқа уағызын айтты. Асыл дініміз ислам мен дәстүріміздің сабақтастығына тоқталып, жамағатты бірлікке шақырды. Әртүрлі алауыздыққа еріп кетпей, діни білімді әрқашан өз мамандарынан алуға бағыттады.

10 мамыр күні Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде аудан ақсақалдарымен кездесіп «Ақсақал мектебі» атты дөңгелек үстелде аудандағы діни ахуалды талқылап, пікір алмасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі