Жазғы лагерь шәкірттері ойын-сауық орталығына барды 2764

Жазғы лагерь шәкірттері ойын-сауық орталығына барды

14 маусым 2023 246 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен балаларға серуен ұйымдастырылды.

Рухани білімді жастайынан баланың бойына сіңіріп өсіру үшін әрі дәстүрлі дінімізді танып-білу, әдепке үйрету басты мақсат болған жазғы сауат ашу лагеріндегі 75 балаға мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Атап айтқанда, жеткіншектеріміз арнайы лимузинмен «Kinder Land» ойын-сауық орталығында барып, алаңсыз ойнап, дәмді тіске басарлармен түскі ас ішіп, бір марқайып қайтты.

Осындай болашағымыздың игілігі үшін балаларға жасалған шараға демеушілік көрсеткен мешіттің жомарт азаматтарына ерекше алғыс білдіріп,кәсіптеріне береке тілейміз.

Аталған мерекелік шара алдағы уақытта тағы да жалғасын таппақ.

Еске сала кетейік, жазғы сауат ашу лагерінде балалар 26-маусымға дейін Құран әліппесі, ғибадат,ислам әдептері сабақтары бойынша тәлім алады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі