«Адамзаттың ардақтысы әз Мұхаммед»  тақырыбында игі шара ұйымдастырылды 994

«Адамзаттың ардақтысы әз Мұхаммед» тақырыбында игі шара ұйымдастырылды

25 қазан 2021 131 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Багдалдың ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақтысы әз Мұхаммед» тақырыбында іс-шара өтті.

Шара барысында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның өнегелі өміріне қысқаша шолу жасалды. Сонымен қатар көркем мінезіне байланысты сұрақ-жауап незігінде шәкірттер арасында хадистер мен аяттар айтылды.

Іс-шара барысында шәкірттер ұстазына алғысын білдіріп, игі шаралар көбейсе деген ұсынысын білдірді.

 

 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі