Ауданның бас имамы ауыл мешітінің жылыту маусымына дайындығын те 6694

Ауданның бас имамы ауыл мешітінің жылыту маусымына дайындығын те

01 қазан 2026 15 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали Бөгетсай ауылдық «Ақнұр» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатқа «Отбасы – бақыт пен береке тірегі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында отбасының қоғамдағы орны мен маңызы, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, ата-анаға құрмет көрсету және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ имандылық пен ізгілікке негізделген отбасылық құндылықтарды сақтау, шаңырақтың ынтымағы мен бірлігін нығайту жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Бас имам отбасы берекесінің басты негізі – өзара түсіністік, сабырлылық, мейірімділік пен сыйластық екенін атап өтіп, жамағатты осы асыл қасиеттерді күнделікті өмірде ұстануға шақырды.

Сапар барысында Марал Иманғали «Ақнұр» мешітінің қысқы жылыту маусымына дайындығын да тексерді. Мешіттің жылыту жүйесінің жай-күйімен танысып, алдағы қыс мезгілінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.