Хромтау: РАНТ мүшесі балабақша ұжымымен жүздесті 3825

Хромтау: РАНТ мүшесі балабақша ұжымымен жүздесті

16 қазан 2024 120 Оқу 0 минут

«Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйымдастырумен «Орал медресе колледжі» директоры,РАНТ мүшесі Талғат Мұратұлы «Аққөгершін» балабақша тәрбиешілерімен кездесу өткізді.

Мамандар дінді дұрыс түсіну турасында насихат жұмыстарын жүргізіп, балабақша ұжымына дін деген не, жат ағым деген не, олардың мақсаты қандай деген сауалдар бойынша түсіндіру жүргізді.

Балабақша тәрбиешілерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап беріп, Құран мен хадистен нақты дәлелдер келтіріп өтті.