Бас мүфти жастық шақты жақсы істерге арнауға үндеді 957

Бас мүфти жастық шақты жақсы істерге арнауға үндеді

15 қазан 2021 147 Оқу 1 минут

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттеріне дәріс оқыды.

«Исламдағы ихсан ілімі және жастар» тақырыбы аясында өткен дәрісте Бас мүфти: «Адамның білім алып, жетістікке жететін, жақсы амалдарды көбірек істеп, мол сауапқа кенелетін кезі – жастық шағы. Өйткені, жастық шақ – екі әлсіздіктің, яғни балалық пен қарттық кезеңнің ортасындағы алтын уақыт. Осы алтын уақытты пайдалы істерге, ата-аналарымыз бен Алланың разылығын алуға барынша сарп етуіміз керек. Жастық шағын жақсы істерге арнаған адам екі дүние бақытына бөленеді. Бұл ретте ихсан ілімін үйренудің маңызы үлкен. Ихсан адам баласын тек ізгілікке үндейді. Алла Тағала сіздерге жақсы білім алып, еліміз бен жеріміздің игілігі үшін қызмет жасауды нәсіп етсін» деді.

Дәріс барысында студенттер мен оқытушылар көкейде жүрген сұрақтарын Бас мүфтиге қойып, жауап алды.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы университет ұжымы мен кітапханасына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.