Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті 3313

Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

27 наурыз 2024 1104 Оқу 1 минут

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін әз-наурыз мейрамына орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жұма намазынан соң жамағатқа ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Асық ату,қол күрес және арқан тартыс бойынша өз күштерін сынаған қатысушылар, тартысты ойын көрсетіп, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы шараның басты мақсаты туралы: «Наурыз-діни мереке емес,ұлттық мейрам. Халқымыз бұл мерекені тойлауды қыстан аман шыққан жұрттың бір-бірімен қауышып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту жолындағы үлкен дәстүр ретінде қалыптастырған. Сондықтан да бүгінде қоғам ауызбіршілігі мен жамағат арасындағы бауырластықты насихаттауда наурыздың орны бөлек,»-деп атап өтті.

Айта кетейік, Рамазан айының құрметіне орай мерекенің басты тағамы наурыз көже ауызашар дастарханында ұсынылды.