Ақтөбе мешіттерінде су апатына байланысты дұға жасады 3322

Ақтөбе мешіттерінде су апатына байланысты дұға жасады

30 наурыз 2024 1001 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні жамағатпен жұма намазын оқыған Ақтөбе облысына қарасты облыстық, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары су апатын байланысты Құран оқып, дұға жасады

Жиналған жамағатқа осындай сын сағатта қиналып басына сынақ түскен халыққа жәрдем берудің маңызын тілге тиек етті. Қасиетті Рамазан айында жасалған жақсылықтың сауабын айтып, барынша жұмыла жәрдем беруге шақырды. Судан жапа шеккен отбасыларға Раббымыздан жеңілдік, жәрдем және сабыр тіледі. Ақтөбе имамдары қолдан келген көмектерін көрсетуде. Мешіт жандарынан жамағаттан арнайы еріктілер тобы жасақталып, су апаты болып жатқан аймақтарға арнайы көмектер жеткізілуде.

Алла Тағала халқымызды су апатының зардабы мен кесірінен сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!