#Рамазан2026: Қурайлыда «Арақсыз Рамазан» акциясы өтті 5977

#Рамазан2026: Қурайлыда «Арақсыз Рамазан» акциясы өтті

24 ақпан 2026 30 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспарына сәйкес, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті айға арналған үндеуіне орай Ақтөбе облысы өкілдігінде игі істер жалғасын тауып келеді.Оның бірі «Арақсыз қоғам», «Адал қоғам», «Арақсыз Рамазан» акциялары. 

Ақтөбе қаласындағы «Қурайлы» мешітінің бас имамы Руслан Елемесовтың ұйымдастырумен мешіт ақсақалдары бірлесе отырып 6 дүкен иелерімен кездесіп, арақ-шарап сатудан бас тартуға шақырды.

Дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 6 дүкенде де арақ сатылмайтын болды.

Одан өзге «Рамазанға қатысты 150 сұрақ» кітабы ақпараттық түсіндіру жұмыстарында табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі