Ата-әжелер арақты сатпауға шақырды
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Қобда ауданының бас имамы Абай Шымболатовтың ұйымдастыруымен мешіт жанынан құрылған «Аталар» және «Әжелер» мектебі «Арақсыз Рамазан» акциясын негізге алып, аудан орталығында азық-түлік дүкендерінің иелері мен кәсіпкерлерге арақ сатудан бас тартуға байланысты үндеу жолдап, аралады. Арақтың қоғам үшін үлкен зиян алып келетінін кеңінен насихаттады. Көпті көрген, аузы дуалы қарт пен қариялардың насихаты мен имамның уағызы арқылы кәсіпкерлер үндеуге үн қосып, көпшілігі арақ сатудан бас тартты. Екі дүкен бірден жобаны қолдап сөрелерден ішімдікті алып тастады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі