Имамдар жолда қалған 26 жолаушыға көмек берді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес имамдар қоғамда ізгі амалдар мен қайырымдылықты жасауды одан әрі жүйелі түрде атқарып келеді.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ауа райының қолайсыз күрт өзгеруіне орай жолаушылар жолда қалып, Әйтеке би ауданының имамдары аудандық орталық мешітінде екінші күн қатарынан жолда қалған 26 жолаушы көмек берді. Олардың арасында 2 әйел және 2 бала бар.
Қиын жағдайға тап болған жолаушыларға мешіт тарапынан уақытша қонып шығуға жағдай жасалып, қажетті көмек көрсетілді.
Жолаушылар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдардың бұл әрекетіне разы болып, алғыстарын білдірді. Алла Тағала барша жолда қалған бауырларымызға амандық беріп, аман-есен отбасыларына оралуын нәсіп етсін!
Айта кетсек, игі бастама, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай жыл бойы түрлі апаттық жағдайда (су тасқыны, өрт салдары, ауа райының қолайсыздығына байланысты қар қоршауы) жақыныңа жанашыр болу мақсатында қайырымдылық көрсетіліп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































