#Рамазан2026: Ауызашарда викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды 6028

#Рамазан2026: Ауызашарда викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды

05 наурыз 2026 24 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде ауызашарға жиналған жамағаттың рухани әрі діни білімін шыңдау мақсатында арнайы викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. 

Жамағатқа Құран, Ислам әдебі және дінге қатысты тағылымды сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап бергендерге арнайы сыйлықтар берілді. 

Сұрақ-жауап ауызашардың берекесін арттырып қана қоймай, жамағаттың білімге деген ынтасын оятып, рухани орта қалыптастырған тағылымды басқосуға айналды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі