#Рамазан2026: «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Әзіреті Біләл» және «Әл-ләтиф» мешіті мен жамағаттың ұйымдастыруымен «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында аялдамаларда автобус күтіп тұрған тұрғындарға арнайы тегін такси қызметі көрсетіліп, олар қала ішіндегі қажетті бағыттарына ақысыз жеткізілді. Бұл бастама – Рамазан айындағы сауапты істерді арттыру, халыққа жанашырлық таныту және қоғамда мейірімділік пен өзара көмекті нығайту мақсатында жүзеге асырылды.
Шараның басты мақсаты – Рамазан айының рухани мәнін дәріптеу, халықтың алғысын алу, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және ізгілік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау деді имамдар.
Тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен имамдарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
















































