«Елін сүйген жастар» тақырыбында жастармен кездесу өтті
ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» тұжырымдамасы аясында, сондай-ақ Жастар секторының «Елін сүйген жастар» бағыты бойынша Әл-Ләтиф мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында мешіт жамағатына арнап дастархан жайылып, «Адал қоғам» тақырыбында тағылымды насихат айтылды. Уағыз барысында жамағатқа адалдықтың маңыздылығы, қоғамдағы жауапкершілік, сондай-ақ елге қызмет етудің сауабы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мешіттегі жас жамағатқа Отанды сүю, елге адал қызмет ету, еңбекті қадірлеу және қоғам игілігі үшін аянбай еңбек ету жөнінде өнегелі насихаттар жүргізілді.
Іс-шара аясында мешітімізде Құран жаттап, діни білім алып жүрген жас шәкіртіміздің жетістігі де атап өтілді. Атап айтқанда, ол Шалқар ауданындағы «Матай Қоқанұлы» мешітінде өткен Құран Кәрімнің 30 парасы бойынша ұйымдастырылған жарысқа қатысып, жүлделі I орынды иеленген болатын.
Осы орайда, мешіттің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жастарға арнайы насихат айтып, білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Құран жарысында I орын алған шәкіртке бас имамның атынан алғыс хат табысталып, арнайы сыйлық ұсынылды.
Бұл шара жастарды имандылыққа, отансүйгіштікке және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған тағылымды басқосу болды.









































