«Білгірлер бәйгесі» атты діни-интеллектуалды сайыс өтті
Мәртөк аудандық орталық мешітінде «Бірлігі жарасқан» атты жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылып, оның аясында «Білгірлер бәйгесі» атты діни-интеллектуалды сайыс өтті.
Тағылымы мол шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту, жастардың діни сауатын арттыру және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға бірлік пен татулықтың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, имандылық жайлы насихат айтылды. Сонымен қатар жамағат өзара пікір алмасып, рухани сұхбат құрды.
Ал «Білгірлер бәйгесі» сайысында қатысушылар Құран аяттары, хадистер, ислам тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен діни танымға қатысты сұрақтар бойынша бақ сынады. Сайыс жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Шара қортындысында белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар рухани-танымдық кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































