#Рамазан2026: Облыс бас имамы ""Нұр Мүбарак" студенттеріне қаржылай қолдау көрсетті 6051

#Рамазан2026: Облыс бас имамы ""Нұр Мүбарак" студенттеріне қаржылай қолдау көрсетті

11 наурыз 2026 208 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі және шет елдегі діни оқу орындарында оқып жатқан шәкірттер мен студенттерге қолдау білдіру мақсатында имамдарға арнайы тапсырмалар беріп, жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак» университетінде білім алып жатқан Ақтөбелік студенттерге Рамазан айының құрметіне орай қаржылай көмек көрсетті.

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінен келген Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Аймырза Досбол және Мизамов Ержан «Нұр-Мүбарак» университетінде Ақтөбе облысынан оқып жатқан студенттермен кездесті.

Жиында ұстаз Аймырза Досбол сөзді бастап, діни білім алып, елге қызмет етудің артықшылығы жайында насихат айтты. Ал Мизамов Ержан ұстаз білім алудың артықшылығы және уақыттың қадірі турасында сөз қозғап, шәкірттерге күш-жігер берді. Студенттер Ақтөбеден келген дін мамандарына сұрақтарын қойып, өздерін мазалаған сауалдарға тұшымды жауаптар алды. Жиын соңында шәкірттерге Ақтөбе облысы Бас имамы атынан 1 000 000 теңге ақшалай сертификат табысталды. Жиынға 60 шәкірт қатысты. Аталған қаражатты білім жолында оқып жатқан студенттерге берілуіне себепкер болған демеуші жан жомарт кісіге Алла разы болсын деп тілейміз.