#Рамазан2026: Қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетілді
Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген халықаралық әйелдер күніне орай “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен қарттар үйіндегі аналарға құрмет көрсетіліп, қазақы шапандар жауып, ұлттық шапандар қажекей сый-сияпаттар табысталды.
«Анаға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында өткен игі шара барысында 75 анаға мерекелік көңіл-күй сыйланып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Шара барысында ананың отбасындағы және қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, үлкенге құрмет, анаға ізет көрсету – әрбір перзенттің қасиетті парызы екені атап өтілді. Қарттар үйіндегі аналар да өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Жиын соңында мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы насихат айтып, қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір игі істің сауабы мол екенін жеткізді. Сондай-ақ, барша жамағатты ата-ананы құрметтеп, мейірімділік пен жанашырлық танытуға шақырды.















































