Ауыл имамы мектеп оқушыларымен кездесті 3467

Ауыл имамы мектеп оқушыларымен кездесті

24 шілде 2024 572 Оқу 1 минут

24 шілде күні Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық мешітінің имамы Мырзалин Мұрат мектеп оқушылары және ата-аналарының қатысуымен «Дін және қоғам» атты тақырыпта кездесу өткізді. 

Кездесу барысында оқушыларға діни біліммен қоса қазіргі заманға сай білімнің де маңыздылығы жайында, зайырлы қоғамда діннің маңыздылығы жөнінде әңгіме қозғалды. Өзекті тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.