#Рамазан2026: «Әл-Ләтиф» мешіті: Арақсыз Рамазан» акциясын ұйымдастырды 5983

#Рамазан2026: «Әл-Ләтиф» мешіті: Арақсыз Рамазан» акциясын ұйымдастырды

25 ақпан 2026 24 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің Рамазан айындағы үндеуіне сәйкес, «Ислам және адал қоғам» жылына орай қасиетті айда Ақтөбе қаласы, Кенес Нокина елді мекеніндегі «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы және жамағат «Арақсыз Рамазан» акциясын ұйымдастырды.

Елді мекендегі сауда орындарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара аясында 11 дүкенге арнайы барып, қасиетті айда арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тарту жұмыстары жасалды. Нәтижесінде 11 дүкенде де арақ сатылмайтын болды.

Кездесу барысында дүкен иелері бірауыздан бастаманы қолдады. Ал сауда орындарына «Арақсыз Рамазан» акциясының арнайы хабарламалары ілінді.

Бұл шараның басты мақсаты – қоғамда ізгілік пен рухани тазалықты нығайту, қасиетті айдың қадір-қасиетін арттыру.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі