ЕЛОРДАДА БАС МҮФТИДІҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫ БАСТАЛДЫ 5595

ЕЛОРДАДА БАС МҮФТИДІҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫ БАСТАЛДЫ

21 қаңтар 2025 0 Оқу 0 минут

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы басталды.

Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады. Басқосуда ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жыл сайынғы дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдауда.

Айта кетейік, жиынға Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысып отыр