#Рамазан2026: Әйтеке биде тағылымды кездесу өтті
Аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әжелері Рамазан айының қарсаңында Әйтеке би аудандық орталық мешітіне арнайы келіп, Бас имам Ғабидолла Тілесұлымен кездесті.
Кездесу мешіт залында өтіп, оған 13 адам қатысты.
Шарада дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, сондай-ақ қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға қатысты түрлі сауалдар кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Дәстүр бойынша марқұм болған туыстарына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Шара соңында әжелер мешіт қызметкерлеріне ақ батасын беріп, алғыстарын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі








































