3 Зул-Хиджа
#Рамазан2025: Құтты мекен Ақтөбеде алғашқы ауызашар берілді (ФОТО) 4259

#Рамазан2025: Құтты мекен Ақтөбеде алғашқы ауызашар берілді (ФОТО)

01 наурыз 2025 334 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде жаматқа арналған 2025 жылдың алғашқы ауызашары беріліп, оған 3000 адам қатысты. 

Ауызашар барысында имамдар мен ұстаздар қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, айлардың сұлтанының қадір қасиеті туралы насихат айтты.

Сонымен қатар жамағаттың білімін жетілдіруге байланысты ораза туралы сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, үздік жауап беріп, белсенді қатысқандарға сыйлықтар берілді.

Одан өзге ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері ақ батасын беріп, Рамазан айы туралы өсиет айтты.

Ауызашар Рамазан айы бойы беріледі.

Айта кетсек, қазіргі таңда 26 мешітте қарилар тарауих намазын өтіп жатыр. Ал жалпы 54 мешітте 13 0000-нан аса адам алғашқы тарауих намазын оқыды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі