«Рамазан» ЖШС және «Айс» ЖШС 100 отбасыға қайырымдылық жасады 697

«Рамазан» ЖШС және «Айс» ЖШС 100 отбасыға қайырымдылық жасады

23 шілде 2021 150 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен жақында ұн, жұмыртқа және кондитерлік өнімдері «Халал» сертификатын алған «Рамазан» ЖШС және «Айс» ЖШС кәсіпорындарының демеушілігімен қайырымдылық жасалды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен іс-шара барысында мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы, жалғызбасты 100 мұқтаж отбасыға аталмыш кәсіпорындардың өнімдері салынған пакеттер үлестірілді. Атап айтсақ, пакеттің ішіне «Айс» ЖШС-нің сүт өнімдері мен «Рамазан» ЖШС-нің ұн, жұмыртқа өнімдері салынған.

Құрбан айттың қарсанында жасаған игі істері үшін кәсіпорын иелеріне Алла разы болсын деп тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі