Ақтөбе: 3 кәсіпорынға ҚМДБ «Халал» сертификаты берілді 696

Ақтөбе: 3 кәсіпорынға ҚМДБ «Халал» сертификаты берілді

23 шілде 2021 192 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов Ақтөбедегі кәсіпорындардың ҚМДБ «Халал» сертификатын алуына жұмыс жасап келеді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде осы уақытқа дейін бірнеше кәсіпорындар сертификатқа ие болды. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібай қасиетті жұма күні түсіндіру және тексеру жұмыстарынан өтіп, өнімдері ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің талаптарына сай деп табылған бірнеше кәсіпорын өкілдерін қабылдап, қасиетті жұма күні «Халал» сертификаттарын табыстады.

Солардың қатарында «Рамазан» ЖШС кәсіпорынының ұн, жұмыртқа, кондитерлік өнімдеріне, «Kish Mish» кафесі және «Наше дело» ЖШС кәсіпорынына «Халал» сертификаты табысталды.

Аталмыш кәсіпорындар ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі