БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ӘДІЛ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ 5145

БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ӘДІЛ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

11 желтоқсан 2025 4 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Әділ Құрманжанұлы Ахметовпен кездесіп, діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар дәстүрлі ислам бағытындағы жұмыстардың қызметін жетілдіру, қоғамдағы рухани-мәдени ахуалды нығайту және діни-рухани білім беру бағытындағы бірлескен іс-шараларды іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Кездесу соңында Бас мүфти мен Әділ Құрманжанұлы діни-рухани саланың одан әрі дамуына бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.