«Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» атты көрме ашылды 3784

«Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» атты көрме ашылды

03 қазан 2024 343 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының «Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан»көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 

Оған облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай мен аталған мешіттің азаншысы Жарасхан Әбдісаламов қатысты.

Көрменің мақсаты – атажұртымыздың алтын бесігіне айналған шежірелі Түркістанның терең тарихы мен тұтас түркі халықтарына ортақ киелі тұлға Ахмет Ясауидің мәңгілік мұрасын насихаттау.

Айта кетсек, Ақтөбе жұртшылығына асыға жеткен көшпелі көрме 15 қазанға дейін жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі